Қостанай қаласындағы № 9 мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы
- Подробности
- Опубликовано: 25 февраля 2019
2019 жылдың ақпан айының 25 жұздызы күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы Каирова Б.К., Сатыбалдина Р.А. Қостанай қаласындағы № 9 орта мектептің мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Кездесудегі басты мақсат түлектерді жоғарғы оқу орнына шақыру және кәсіби бағыт-бағдар беру. Кездесу кезінде түлектер аталмыш оқу орнындағы мамандықтар туралы толық және нақты мағлұматтар алды. Түлектер университеттегі студенттердің өмірінен, оқу-тәрбие және әр түрлі бағыттағы әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстары, қосымша өз білімдерін толықтыру (шетел тілін үйрену, волонтерлік қозғалыс т.б.) мәселелері туралы жасалған презентациялармен танысты.
Бакалавтратты бітірген соң түлектер «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Университетте магистратура, доктарантураға түсуге болатыны жайлы ақпараттар берілді. Мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар, ақылы білім алу және қашықтықтан оқыту бөлімдері бойынша, студенттердің тұрмыстық жағдайы, оқудан кейін жұмысқа тұру мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Мамандықтар бойынша ақпараттық буклеттер таратылып, сәуір айында өтетін «Ашық есік» іс-шарасына шақырылды.
Кездесудің соңында түлектердің кәсіби өзін-өзі анықтауына, мамандықтар әлемінен өзінің мамандығын табуға көмек беретін «Адам және мамандық» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.