«Көпмәдениетті тілдік кеңістікте балалардың тілдік белсенділіктерін дамыту» тақырыбындағы әдістемелік идеялар Аукционы
- Подробности
- Опубликовано: 05 апреля 2019
2019 жылдың 5 сәуірінде «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының апталығы аясында «Көпмәдениетті тілдік кеңістікте балалардың тілдік белсенділіктерін дамыту» тақырыбында әдістемелік идеялар аукционы өткізілді. «МД және ББ» кафедрасының оқытушылары мен «БОПӘ», «МДТО» мамандықтарының 3, 4 курс студенттері сайысқа белсене қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – көптілділік жағдайда кіші мектеп жасындағы оқушылардың мәдениетаралық коммуникацияларын қалыптастыруда педагогикалық тәжірибені тарату болып табылды.
Сарыкөл ауданы Тимирязев орта мектебінің бастауыш сыныптардағы шетел тілінің жас маманы Мусаинова Альбина Багдатовна «Үштілділік – болашаққа деген нық қадам» тақырыбындағы онкүндік аясында өткізілген мектептік іс-шараларға қысқаша шолу жасап өтті және оқу үрдісінде үштілділіктің қолданылуын түсірген бейнетаспалардан үзінділерді көрсете отырып, өзіндік тиімділігін атап, өз тәжірибесімен бөлісті. «БОПӘ» мамандығының студенттері Киреева Евгения, Балтабаева Гульнур, Яскельчик Тамара өздерінің кәсіби шеберліктерінің қыр-сырларын ашып, қазақ тілі, орыс тілі, әдебиеттік оқусабақтарында келесі тақырыптар бойынша өткізген сабақтарында қолданған белсенді оқыту әдістерін, тәсілдері мен жұмыс түрлерін көрсетті: «Возможности полиязычного общения на уроках русского языка в начальной школе», «Интерактивные приемы работ на уроках русского языка», «Интеллектуально-речевое развитие младших школьников в условиях полилингвизма», «Предметно-языковое интегрированное обучение в начальной школе», «Көптілділік жағдайдағы пәндік кіріктірілу кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілдік іскерліктерін дамыту құралы ретінде».
Жалпы, ұсынылған шығармашылық жұмыстар студенттердің әдістемелік әлеуеттерінің жоғары деңгейін көрсетсе және олардың болашақ маман ретінде қазіргі көптілді білім берудің жаңа парадигмасы аясында кәсіби қызметтеріне белсенді және даяр екендігін танытты.
Сонымен қатар, бұл іс-шараға мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің арасында «Педагогикалық инновация» атты қашықтықтан ұйымдастырылып өткізілген сайыстың жеңімпаздары шақырылған болатын. Бұл сайыс педагогтардың кәсіби-шығармашылық қызметтерінің биіктей беруіне ынталандыру мақсатында өткізілді. Сайысқа 30-дан астам педагогтар қатысты. Қостанай қаласының №3 бөбекжай балабақшасының әдіскері Бабий О.В. ата-аналармен өткізген психологиялық тренингі үшін, ағылшын тілінің оқытушысы Кирдяйкина Л.Л. сабақтың әдістемелік әзірлемесі үшін, тәрбиеші Смағұл П.А.интеллектуалды ойындары үшін, Қостанай қаласының №2 бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Испутинова А.С. ойын-сауық әзірлемесінің жоспары үшін, Қостанай қаласының №54 бөбекжай балабақшасының дефектологтары Михеева К.В., Фрайс Е.Ю. логопедия сабақтарындағы лего-конструкторлары бойынша шебер сағаты үшін дипломдармен марапатталды. Сайыскерлер Аукционға қатысушыларды мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу үрдісін құрастыру дағдылары мен іскерліктеріне дамытуға бағытталған презентацияларымен таныстырды.
Әдістемелік идеялар Аукционының соңында сайысқа қатысқан педагогтарға сертификаттар табысталды.