Жаратылыстану-математика факультетінің ашық есік күні

2020 жылдың 24 қаңтарында сағат 12:00-де Жаратылыстану-математика факультетінде талапкерлердің кәсіби бағдары аясында "Жаратылыстану-математика факультетінің ашық есік күні" өтті.
Іс-шараға қаланың (Қостанай қ., Рудный қ., Тобыл қ.) және аудандық мектептердің бітіруші сынып оқушылары қатысты. 100-ге жуық талапкерлер қатысты.

Бағдарламаға сәйкес, бітірушілер алдында жаратылыстану-математика факультетінің белсенді студенттері сөз сөйлеп, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенттік өмірінде, ғылымда, спортта өздерін көрсете білу, шет тілдерін меңгеру және т. б. мүмкіндіктері туралы айтты.

Жаратылыстану-математика факультетінің білім беру бағдарламалары, көптілділік, дуальді оқыту мүмкіндіктері туралы презентация барысында жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор, п. ғ. к. Т. С. Шумейко шолу жасады.

Аса бір қызығушылықпен балалар Университеттің қабылдау комиссиясы өкілін Н.В. Ковалеваны тыңдады, ол тек ҰБТ-нің ерекшеліктері туралы ғана айтып қоймай, көптеген сұрақтарға жауап берді. "Химия" ОБ 4-ші курс студенті И. Чапаксин дуальді жүйе бойынша білім алып, сонымен қатар "Зерек" колледжінің оқу ісінің меңгерушісі болып табылатыны ерекше қызығушылық тудырды. Ол өз баяндамасын "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңына арнады.

Әр білім беру бағдарламасы бойынша ҚМПУ – да экскурсия бағыттары дайындалды және көпшіліктің назарына ұсынылды.

24 01 2020 3

24 01 2020 4

24 01 2020 2

24 01 2020 5

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Жаратылыстану-математика факультетінің ашық есік күні