«Ерлік даңқы өшпейді»

03.05.12Ұлы Жеңіс күнінің 67 жылдық торқалы тойы қарсаңында 3 мамыр күні химия кафедрасында «Ерлік даңқы өшпейді» атты кураторлық сағат өтті. Онда 1 - 3 курс студенттері Ұлы Отан соғысының ардагері Молдағали Жүнісбекұлымен кездесті. Кездесуде ақсақал жас жеткіншектерге өзінің өмір жолын, фашистік германиямен соғыстағы қиын-қыстау кезеңді әңгімеледі. Студенттерде ардагерге зор алғыстарын айтып, өз өнерлерін тарту етті.

Кездесуді химия кафедрасының кураторлары Р.Ж. Шакеева мен Е.А. Баекеновтар ұйымдастырды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз