Құрбан-айт құтты болсын
- Подробности
- Опубликовано: 24 октября 2012
Әр мұсылман баласы үшін Құрбан-айт киелі мереке. Бұл күні мұсылмандардың жүрегінде достық, бауырмашылдық, сүйіспеншілік, өзара құрмет, шер бөлісу, бір-біріне қол ұшын беру секілді сезімдері атқақтап тұрады. Ұлы Жаратушының ризашылығы үшін шалынған құрбанның қаны адамдардың жүрегіндегі кір-қоқыс пен көңіліндегі пенделіктің сыңғырын жуып шайып, оның орнына сүйіспеншіліктің гүлі қауыз жарады.
Осы мақсатпен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Жаратылыстану-математика факультетінің ұстаздар мен студенттер ұжымы Қостанай облыстық балалар үйіне Құрбан айт қарсаңында 24.10.12 күні мерекелік іс-шара өткізді. Студенттер және мұғалімдердің ұйымдастыруымен шағын концерт қойылды. Сонымен қатар балалар дастарханына тәтті тағамдар тарту етілді.