Ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігі
- Подробности
- Опубликовано: 08 декабря 2012
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының биология және география кафедрасының оқытушысы, биология магистрі Божекенова Женискуль Турсынбаевна 2012 ж.12 қараша - 8 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында (Алматы қ.) өз білімін көтерді. ЖОО педагогика мамандығы оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы төрт модульден тұрады:
- үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер;
- өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі іске асыру технологиялары;
- білім беру нәтижелерін бағалау жүйесі;
- оқыту және оқу жүйесіндегі заманауи сандық технологиялар.
Дәрістерді өткізген Қазақстанның және шетел ЖОО білікті мамандары (профессор Рафиз Абазов, АҚШ, Колумбия университеті).
1 Модульге сәйкес оқу сабақтарының (дәріс,зертханалық жұмыс) толық жоспары. Дәріс сабағын құрастырып, Smart мақсаты қойылды. Мақсатқа жету барысында келесі интерактивті әдістер қолданылды: материалды зерделеу және толықтыру, ассоциограмма, глоссарий, мәселелелік оқыту. Дәріске арнайы презентеция жасап, оның ішіне видеороликтер енгізілді.
2 Модульге сәйкес өздік жұмыстарды тапсырмаларын құрастыру. Дәрісте алған мәліметтерді қолдана отырып студенттерге мәселе қойылды. Оны шешудің нәтижесінде эссе жазу тиіс, ассоциограмма мен глоссарий құрылу керек.
3 Модульге сәйкес студенттердің білімін бағалау Бұл модуль бойынша бағалау
критерийлері құрастырылды.
4 Модульге сәйкес вебинарды Camstudio бағдарламасымен түсіріліп портфолиоға еңгізілді, интернеттен видеофильмдер Freemake Video Converter арқылы жазылып, одан үзінділері дәріске енгізілді, iSpring Free бағдарламасын презентацияны жасағанда пайдаланды, Flash форматында интерактивті тест тапсырмасы Quis FreeMaker бағдарламасы арқылы құрастырылды.
Курстардың соңында сертификат ұсынылды. Осы курстарда алған білімдер ашық сабақтар мен мастер-класстарда пайдаланды.