Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы апталығын өткізу туралы
- Подробности
- Опубликовано: 25 февраля 2013
2013 жылдың 18 ақпаны мен 23 ақпаны аралығында информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының әдістемелік аптылығы өткізілді. Кафедра апталығы аясында кафедра оқытушыларының ғылыми-әдістемелік жұмыстар көрмесі, ашық сабақтар, институт студенттері арасында компьютерлік ойынының турнирі, педагогикалық практика қорытынды бойынша конференция, интеллектуалды ойын мен фотосайыс ұйымдастырылды. Ғылыми-әдістемелік жұмыстар көрмесінде «Информатика» мамандығы студенттерінің ғылыми жұмыстары, ҚМПИ ғылыми кеңесінде қарастырылып бекітілген кафедра оқытушыларының ғылыми және әдістемелік жұмыстары болды.
18 ақпан күні «Математика» мамандығының 1 курс студенттерімен аға оқытушы Оспанова Шынар Бектепбергенқызы, 19 ақпанда «Дефектология» мамандығының 1 курс студенттерімен техника ғылымдарының кандидаты Ерсултанова Зауреш Сапаргалиевна «Excel кестелік редакторының негізгі ұғымдары» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
20 ақпанда кафедраның аға оқытушылары Искакова Самал Бейсенбаевна мен Оспанова Шынар Бектепбергенкызы және «Информатика» мамандығының 2 курс студенттерімен бірлесе «Counter Strike Course» компьютерлік ойын бойынша турнир өткізілді. Турнирге 5 студент құрамынан тұратын 10 команда қатысты. Ойын өте қызу өтті. Қорыта келе «Информатики» командасы - I орын, «Байрам» - II, «Общага 2» - III орынға ие болды.Студенттер қызықты турнирдің өткізілгеніне риза болды.
21 ақпанда аға оқытушы Хасанова Салтанат Балғабаевна «Жұлдызды сәт» интеллектуалды сайысын ұйымдастырды. Іс-шара «Информатика» мамандығының 1 және 2 курс студенттері арасында сайыс түрінде өтті. Сайыста 1 курс студенттері жеңіп шықты..
Педагикалық практика бойынша қорытынды конференцияда «Информатика» мамандығының 3 курс студенттері өткен практика жөнінде сөз қозғап, мектеп және оқушылар туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Студенттердің есептерінен практикада өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу қызығушылығының оянғаны байқалды. Алғашқы сабақ өткізуде қиындықтар да пайда болды. Конференция аяқталғаннан кейін практика нәтижелері қорытылды, әдістемелік ұсыныстар беріліп және балдар қойылды.
22 ақпанда аға оқытушылар Хасанова Салтанат Балғабаевна мен Айтбенова Аян Алтаевна «Стоп-кадр» фотосайысын өткізді. Фотосайысқа жаратылыстану-математика факультеті студенттерінің фотосуреттері ұсынылды
.
Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі мен аға оқытушыларының іс-шараларға қатысқан студенттерге алғыстары шексіз. Жеңімпаздар мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.