On-line сабақ
- Подробности
- Опубликовано: 16 мая 2014
Қоғамымызда соңғы жылдары болып жатқан өзгерістер білім сапасын жаңа қырынан қайта қарауға мәжбүрлейді. Жаңа білім беру жүйесінің міндеттері тек жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту, білім, біліктерін жетілдіру ғана емес, тез өзгеріп жатқан техника мен технологиялар, еңбекті ұйымдастыру жолдарына бейімдеу болып табылады. Бұл проблемалардың шешімі білім
мазмұнын жаңартуда, білім беру мақсаттары мен нәтижелерін қайта ойластыруда жатыр.
Қазіргі қоғам инфокоммуникациялық әрекеттесуге негізделген білім беру жүйесін ақпараттандырудың жаңа сатысына көтерілді. Инфокоммуникациялық әрекеттесу жағдайында мұғалімнің ролі түбегейлі өзгереді, ол оқушыларды жергілікті және ғаламтор желісінен ақпаратты іздеу, талдауға бағыттайтын консультантқа айналады.