Қостанайдың құрметті азаматы

22.10.201422 қазан күні жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдарының кафедрасындашебер ұстаз Терновой Иван Кондратьевичке арналған іс-шара өтті. Осы іс-шараға ҚМПИ-дің үлкен тәлімгері, доцент Уразымбетова Баян Баймагамбетовна мен Биология мамандығының көптілді группасының 2 курс студенттері жауапты болды. Іс-шараға Биология мамандығының барлық курстарының студенттері ат салысты.
Ауызша журнал Иван Кондратьевичтің өмірі жайлы әңгімелерге толы болды. Студенттер қонақтың өмірбаяны туралы, оның барлық уақыт кезеңдеріне бай, «парақтармен» таныстырды. Осы «парақтарда» Иван Кондратьевичтің балалық шағы мен осы кезеңдегі өмірі жайлы айтылды.

Студенттерден кейін, Иван Кондратьевич өзіңнің өмірлік ұстанымдарымен, қызықты оқиғаларымен, біздің институтымыздың тарихы мен өркендеуі туралы айтып берді.
Студенттерге осындай керемен ұстаз және жүзі жарқын, мінезі жайдарлы кісімен әңгімелесу қатты ұнады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз