«Жүрек-тамыр ауруларының алдын алу»
- Подробности
- Опубликовано: 05 ноября 2014
2014 жылы 5-қарашада ҚМПИ жаратылыстану-математика факультетінде Бүкіл әлемдік жүрек күніне арналаған қанайналым жүйесі ауруларын (ҚЖА) алдын-алу мақсатында «Жүрек-тамыр ауруларының алдын алу» атты акциясы өткізілді. Аталмыш акцияға қонақ ретінде СӨС қалыптастыру мәселелерінің облыстық орталығының алдын-алу бағдарламасының координаторы Ташенова Р.К., Қостанай облыстық ауруханасының ординатор-дәрігері Жакенова З.А., Қостанай облыстық наркологиялық диспансерінің психологы Масленникова Е.И. және Корук Л.В., өңірлік дәрілік-ақпараттық сараптамалық бөлімінің маманы Ертанова Б.Т. шақырылды. Бұл акцияның мақсаты «Жүрек-тамыр аурулары» тарауы бойынша оқытушылар мен студенттерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және жүрек-тамыр ауруларының алдын-алу.