«Бірлігіміз жарасқан»
- Подробности
- Опубликовано: 13 апреля 2016
2016 жылғы сәуір айының 13 жұлдызында ҚМПИ акт залында факультеттер арасындағы «Бірлігіміз жарасқан» атты Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған фестиваль өтті. Жаратылыстану-математика факультеті Чечен халқының мәдениетін көрсетті. Студенттер ұлттық «Ловзар» биін биледі. Қазақ тіліне аударғанда бұл «Ловзар» сөзі «қуаныш» деген мағынаны білдіреді. Шынымен де, іс-шара өте қуанышты және көңілді өтті. Әділ-қазылардың адал бағасына ұлттық тағамдар ұсынылды. Нәтижесінде, жаратылыстану-математика факультеті жарқын әрі әсерлі өнер көрсеткені үшін марапатталды.
Фотогалерея