«Мектепте білім беру ортасының дамуы»

21.04.162016 жылғы 21 сәуірде өткен Жаратылыстану және математика факультеті «Информатика» мамандығының студенттері «Мектепте білім беру ортасының дамуы» атты студенттік ғылыми-әдістемелік конференциясына белсенді қатысты.
Мамандықтың барлық курс студенттері конференцияға өз үлестерін қосты. Студенттер әртүрлі компьютерлік бағдарламаларда жасалған қосымшаларын көрсетіп, шағын баяндамаларын қызықтыда көрнекі жасап, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Студенттердің студенттік ғылыми-әдістемелік конференцияға белсенді қатысуы, олардың ғылымға қызығушылықтарын, жаңалық ашуға ұмтылыстарын арттырып, өз нәтижелеріне сенімдерін молайтты.
Конференция қатысушылардың бәрі де өз белседіліктер үшін мақтау қағаздарымен, ал ерекшеленген жұмыстарға 2,3 орындар берілді. 4 курс студенті Рысбек Бекарысқа Android операциялық жүйесінде электрондық оқулықтың мобильді қосымшасын жасағаны үшін бірінші орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі – жаратылыстану ғылымдарының магистрі С.Б. Хасанова.
«Информатика» секциясының төрайымы техника ғылымдарының кандидаты, Жаратылыстану және математика факультеті Информатика және компьютерлік технологиялары кафедрасының аға оқытушысы Ерсултанова Зауреш Сапаргаливна болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз