Денсаулық күні
- Подробности
- Опубликовано: 16 сентября 2016
2016 жылғы қыркүйек айының 16 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері, оқытушылары және қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының егемендігінің 25 жылдығына орай Денсаулық күні өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын, дене шынықтыру және спортты насихаттау, ең мықты деген спортшыларды және топтарды анықтау. ЖМФ студенттері факультеттер арасындағы сайыста 2 орын, ал футбол ойындарында 1 және 2 орын иегерлері атанды. Біз балаларды шын жүректен құттықтаймыз және болашақта сәттілік тілейміз!