Д.И.Менделеевтің туған күні

2017 жылғы 8 ақпанда 5В011200 – Химия мамандығының оқытушылары мен студенттері «Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасының «Тобыл таңы» таңғы бағдарламасына тікелей эфирге қатысу үшін шақырылды. 8 ақпан – ұлы орыс ғалымы, периодтық заңының авторы Д.И.Менделеевтің туған күні. Оқытушылар К.А.Абдыкаликова мен Г.О.Таурбаева бағдарлама жүргізушілерімен қоғам дамуындағы химия ғылымының маңызы, деннің саулығы үшін химияны білу қажеттілігі, мектеп, ғылыми мекеме және өндірістік кәсіпорындарға кадрлар даярлау бойынша жаратылыстану ғылымдары кафедрасының жеткен жетістіктері туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар әңгіме мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруге де бағытталды. Азиза Молдашова, Андрей Байкалов, Жайна Тұрлыбек сынды студенттер осы мамандықты таңдауларына не себеп болғаны және студенттік өмір, ғылыми қызығушылықтары жайлы айтып берді. 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз