«Білім беруде сандық технологияларды қолдану: «Сандық» университет білім берудің жаңа сапасы ретінде» семинары
- Подробности
- Опубликовано: 08 февраля 2017
2017 жылдың 8 ақпанында «Информатика және компьютерлік технологиялар» кафедрасының апталығы аясында техника ғылымдарының кандидаты С.Г.Еслямовтың «Білім беруде сандық технологияларды қолдану: «Сандық» университет білім берудің жаңа сапасы ретінде» тақырыбында семинары өтті. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына жыл сайынғы жолдауында «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді парламентке тапсырғанын еске салды. Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс.
Біз сандық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін боламыз. Ал, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қала бермек. 3D-Полиграфия, онлайн сауда, мобильды банкинг, денсаулық сақтау мен білім берудегі сандық қызметтер, т.с.с сияқты ҚР келешегі зор салаларды дамыту қажеттілігін атап өтті.