2 ақпан – Халықаралық сулы-батпақты жерлер күні
- Подробности
- Опубликовано: 02 февраля 2017
Суда жүзетін құстардың тіршілік ету ортасы ретіндегі халықаралық маңызға ие сулы-батпақты жерлер туралы Конвенцияға 1971 жылғы 2 ақпанда Иран мемлекетіндегі Рамсар қаласында қол қойылды және ол содан бері Рамсар конвенциясы (Ramsar Convention) деп аталады. Ал қол қойылған күн 1997 жылдан бастап Халықаралық сулы-батпақты жерлер күні деп жарияланып, алғаш рет осы жылы атап өтілді.
Рамсар конвенциясының басты мақсаты – әлемде тұрақты дамуға қол жеткізудің бірден-бір тәсілі ретінде сулы-батпақты алқаптарды сақтау мен рациональды пайдалану болып табылады. Қазіргі уақытта Рамсар конвенциясына 168 мемлекет қосылды. Халықаралық маңызға ие сулы-батпақты кешен тізіміне жалпы жер ауданы 208 миллион гектардан асатын 2186 сулы-батпақты кешен енгізілген.
Қазіргі уақытта Қазақстанда халықаралық маңызы бар 10 сулы-батпақты алқап бар, оның 4-і Қостанай облысында орналасқан. 5 маңызды СБА сипаттау мен номинаттауға біздің профессор ғалымдарымыз – б.ғ.д Т.М.Брагина және б.ғ.к. Е.А.Брагин қатысты. Олар сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, Рамсар конвенциясы хатшылығы, Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры, Мемлекеттердің аймақтық экологиялық орталықтары қолдау көрсеткен Орталық Азияның Рамсар аймақтық бастамасының қатысушылары болып табылады.
Жыл сайын 2 ақпан - Халықаралық сулы-батпақты жерлер күні (World Wetlands Day) өткізілетін іс-шаралар ғаламшарымыздың тұрақты дамуын қолдау мақсатында сулы-батпақты алқаптар құндылығына түрлі әлем мемлекеттері үкіметі мен халқының назарын аударуға арналған. 2017 жылғы Халықаралық сулы-батпақты жерлер күнінің тақырыбы – «Сулы-батпақты алқап - апат қатерін төмендету үшін».
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты жаратылыстану-математика факультетінің студенттері мен оқытушылары Халықаралық сулы-батпақты жерлер күнін тойлау іс-шараларына қатысып, суда жүзетін құстар мен балықтардың тіршілік ету ортасын және Қазақстанның табиғи байлықтарын сақтау маңыздылығы жайлы мәлімет алды.