Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының геологиялық мұражайға экскурсиясы
- Подробности
- Опубликовано: 20 декабря 2017
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының геологиялық мұражайға экскурсиясы.
2017 жылдың 20 желтоқсанында «Геогракфия» мамандығының 1 курс студенттері «Қостанай-алтын бесігім»әлеуметтік жобасының 1-ші бөлімін жүзеге асыру тұрғысында А.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 8 «Б» сыныпе оқушыларына арнап геологиялық мұражайға экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсияның мақсаты - оқушыларды Қостанай облысының тау жыныстары,минералдары және пайдалы қазбаларының әртүрлілігімен таныстыру.
Мұражай меңгерушісі Вера Петровна оқушыларға геологиялық,палеонтологиялық материалдардыңүлгілері туралы айтты және көрсетті,бұл үлгілерге пілдердің сүйектері мен мамонттардың тістері кірді. Төменгі миоцен жасына жататын Торғайдағы Құшұқтың флорасы мен фаунасының коллекция жинағы ерекше. Ол жерортатеңіздік типке жататын флорасы мен фаунасы табылған Қазақстандағы жалғыз жер болып саналады.
Мұражайда Қостанай облысының барлық пайдалы қазбалары көрсетілген,қабырға тақтайларына кен орындарының сызбалары мен оларды зерттеген ғалым-геологтардың есімдері жазылған.
Әулиекөл ауданындағы Новонеж мұнай экспанаты оқушылардың қызығушылығын тудырды.
Геологиялық мұражайд әлемнің әр шетінен геологтармен әкелінген пайдалы қазбалардың үлгілері бар.(Моңғолия,Ресей,Австралия)
Үлкен қызығушылықты 1967жылы геологтармен көмілген, ал 2015 жылдың 15 желтоқсанында қазіргі геологтармен табылған геологиялық капсула тудырды.
Жер қойнауындағы минералдар мен тау жыныстарының әртүрлілігі мектеп оқушыларының қызығушылықтарын арттыра түсті. Балалар тілек журналына өз жазбаларын қалдырып,өткізілген экскурсияға алғыстарын жазды.