Әдістемелік семинар «CLIL in the classroom»
- Подробности
- Опубликовано: 10 января 2018
2018 жылдың 10 қаңтарында 714 аудиторияда жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдар кафедрасында"Оқытуда CLIL технологиясын қолдану" атты әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарды шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Балжанова Айгуль Магжановна өткізді.
Семинардың мақсаты - CLIL технологиясының әдістемелік мазмұның талқылау және оны биология, география, химия пәндерін оқыту кезінде орта мектепте жаңартылған бағдарлама аясында пайдалану. CLIL технологиясы шетел тілін басқа пәндерді зерттеуге арналған құрал ретінде қолданылады.
Семинар барысында микротоптармен тапсырмаларды талқылау жұмысы өткізілді, ағылшын, орыс тілдерінде SWOT – талдауы құрастырылды.
Әдістемелік семинардың модераторлары - Баубекова Г. К., аға оқытушы, педагогика магистрі, Суюндикова Ж. Т. - аға оқытушы, биология магистрі.