«ЖОО-ның үздік өқытушысы»
- Подробности
- Опубликовано: 22 января 2018
2017 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «ЖОО-ның үздік өқытушысы» деген байқау жариялады. Байқаудың нәтижесінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының үш оқытушысы осы құрметті атақтың иегері болып танылды. Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Брагин Евгений Александрович солардың арасында.
Евгений Александрович Ростов мемлекеттік университетін бітіріп, Наурзым мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми бөлімінде көп жылдар бойы қызмет жасады. 1989 жылы ол Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтында «Зоология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2002-2004 жж. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Зоология», «Зоогеография» пәндерінен қосымша дәрістер оқыды. 2007 жылдан бастап ҚМПИ-дің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында жұмыс істейді.
Е.А. Брагин 250 астам мақалалардың авторы, ұжымдық монографиялары мен импакт факторлары жоғары шетелдік журналдарында және «Scopus», «ThompsonReuters» базаларында бірлесіп жазған 23 мақала бар.
Евгений Александрович миграциялайтын жануарлар түрлерін қорғау жөніндегі конвенцияның ҚР атынан ғылыми эксперті болып табылады, сонымен қатар, Солтүстік Евразияның Бүркіт тәрізділері мен Үкілерді зерттеу жөніндегі жұмыс тобы төрағасының орынбасары, Қазақстан зоологиялық қоғамы мен Мензбиров орнитологиялық қоғамының мүшесі, Солтүстік Евразияның Тырналар тәрізділерін зерттеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.
Табиғатты қорғау саласындағы жетістіктері үшін Бүкіл Одақтық Халықаралық ауыл шаруашылық жетістіктер көрмесінде қола медалімен марапатталды. 2014 ж. ҚР жоғары оқу орындарының Ассоциациясы күміс медалін ұсынды.
Қазіргі кезде ҚМПИ ЭБМ ҒЗО құстарды зерттеу жөніндегі проблемдік топтың жетекшісі болып, студенттерді зерттеу жұмыстарына жетелейді, бедвочерлер студентік клубына кеңес береді, факультет пен кафедрада өтетін түрлі студенттік акцияларға қатысады. Студенттер мен әріптестер Евгений Александровичті жауапкершілік пен адалдық, қайырымдылық пен алғырлық үшін құрметтейді.
Жаратылыстану-математика факультетінің басшылығы мен жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ұжымы Евгений Александровичке шын жүректен ағарту жолындағы шығармашылық табыстар мен денсаулығының мықтылығын және ғылымға қызыққан студенттерді тілейді.