«Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты концерттік бағдарлама
- Подробности
- Опубликовано: 15 декабря 2017
Тәуелсіздік мерекесі мемлекетіміздің ең басты мерекесі. Бұл күні әрбір қазақстандық елдің басты жетістігі Тәуелсіздігімізге қалай қол жеткізгенімізді есіне алады. Әр жылы оны есіне алып қана қоймай, оны құндауға, қадірлеуге, мақтануға үйренеді.
Желтоқсанның 15 күні сағат 15:00 де №1 Қостанай қаласы студенттер жатақханасында өткен «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты концерт дәл осы мерекеге арналды. Бұл мерекелік іс шара Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының жаратылыстану-математика факультетінің студенттерінің ұйымдастырылуымен өткізілді. Концерттік бағдарламада әрбір студент өз өнерлерін ортаға салып, сол арқылы көрермендердің патриоттық сезімімен, өз елі үшін мақтанышын одан әрі жоғарлатты. Концерттің басы мемлекетіміздің ән ұранымен басталып, артынша химия мамандығының студенті Қасымова Айтолқынның орындауында «Туған өлкем» атты әсем әнге ұласты. Одан соң «Мереке» атты биімен бишілер өз өнерлерін көрсетті.
Ал концерт соңында Тәуелсіздік жайлы мәнерлі өлең оқылды.