Куратор сағаты «Президент жолдауы – болашақтың басты бағдарламасы»

2018 жылдың ақпан айының 22 жұлдызында «Математика» мамандығының 3 курс студенттерімен куратор Беркімбай Р.Ә. «Президент жолдауы – болашақтың басты бағдарламасы» атты кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты – Президент Жолдауын студенттерге насихаттау және Жолдауды олардың қаншалықты меңгергенін тексеру. Кураторлық сабақты студенттер Сәкен Динара және Рисбекова Балжаной жүргізді. Студенттер төрт топқа бөлінді: «Жаңа ғасыр», «Ресурстар», «Ақылды технологиялар», «Мәңгілік ел» және топ басшыларын сайлады.

Осы төрт топ арасында 5 түрлі сайыс өтті:

  1. Топтың атымен, ұранымен таныстыру.
  2. Жолдаудың алғашқы төрт бағытының бірін қорғау.
  3. Екі бағыт бойынша топ басшыларының сайысы.
  4. Жолдаудың жетінші бағыты білім саласында сұрақ-жауап өткізілді.
  5. Соңғы төрт бағыт бойынша плакаттар сайысы өтті.

Сайыс соңында Сәкен Динара домбырада Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» атты күй тартылды. Сайыстың жеңімпазы «Жаңа ғасыр» тобы болды. Студенттер сайысқа белсенді қатысып, Президент жолдамасын жақсы игергендіктерін көрсете білді. Кураторлық сабаққа кафедра оқытушылары Калжанов М.У., Доспулова У.К. қатысты.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Куратор сағаты «Президент жолдауы – болашақтың басты бағдарламасы»