«СБА күні – Қазақстанның Рамсар аймақтары. «Қостанай облысының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлары» ҚР ҒБМ – ҚМПИ жобасының нәтижелері»
- Подробности
- Опубликовано: 15 февраля 2018
Ақпанның 15 жұлдызында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «СБА күні – Қазақстанның Рамсар аймақтары. «Қостанай облысының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлары» ҚР ҒБМ – ҚМПИ жобасының нәтижелері» тақырыпты оқу-әдістемелік семинары өтті.
Семинарды ұйымдастырып өткізуге жауапты жаратылыстану ғылымдары кафедрасының келесі оқытушылары: б.ғ.д., профессор Брагина Т.М., б.ғ.к, профессор Брагин Е.А., биология магистрі, аға оқытушы Бобренко М.А. және биология магистрі, аға оқытушы Рулёва М.М.
Семинарға қатысқандар: ЖМФ деканы Сухов М.В., жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Ручкина Г.А., академиялық бағдарламалар бөлімінің басшысы Чернявская О.М., облыстық тарих-өлкетану мұражайының ғылым қызметкері Андрющенко А.В., жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары мен студенттері, Қостанай қаласының № 2 ОМ оқушылары.
Бұл семинарда биоалуантүрлілікті сақтау туралы сұрақтар талқыланды (Рамсар конвенциясы, сирек кездесетін түрлер). Аймақтың Су-батпақ алқаптары бойынша жасалған жобаның нәтижелері ұсынылды. Аймақтың Су-батпақ алқаптарының жаһандық деңгейіндегі маңыздылығы алғаш көрсетілді. Одан әрі 4 көл жүйесі Рамсар алқаптарының тізіміне енгізілді. Солтүстік Қазақстандағы суда жүзетін құстардың жаһандық маңызы бар ұшу жолдарын қорғау туралы ICF жобаның негізі салынды.
Сонымен бірге семинар барысында ҚР БҒМ ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру байқауына қатысу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарды дайындау және жасау ерекшеліктері талқыланды. ҚР ҒБМ – КМПИ «Қостанай облысының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері» жобасының нәтижелері ұсынылды.
Ұйымдастырушылар өздерінің монографияларын ұсынды: «Методические рекомендации по охране и содействию восстановлению редких видов животных Костанайской области», «Позвоночные животные Наурзумского заповедника», «Природные условия и животный мир государственного природного резервата Алтын Дала» және «Редкие и исчезающие виды животных (беспозвоночные, позвоночные) Костанайской области».
Семинардың соңында қатысушылар қызықтырған сұрақтар бойынша дискуссия ұйымдастырды.
Семинар қонақтары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, талқыланған сұрақтардың маңыздылығын ескертті. Ұйымдастырушылар өз алдына семинарға келген қонақтарға алғыстарын айтады.