«География» мамандығының 1 курс студенттері геологиялық мұражайға баруы
- Подробности
- Опубликовано: 24 октября 2018
2018 жылдың 24 қазанында "СолтүстікҚазжерқойнауы" ӨД геологиялық мұражайына "География"мамандығы орыс және қазақ бөлімдерінің 1 курс студенттері дәстүрлі экскурсиядан өтті. Мұражай меңгерушісі Вера Петровна біздің студенттерді мұражайдың құрылу тарихымен және түрлі экспонаттармен таныстырды. Сонымен, студенттер геологиялық мұражай 1956 жылы геологиялық коллекциялық материалдарды есепке алу және сақтау үшін құрылғанын білді. Мұражайда сан алуан үлгілер және оның ішінде сирек кездесетін минералдар бар. Студенттерге бес бөлім бойынша жүйеленген: аймақтық геология, пайдалы қазбалар, жүйелі-оқыту коллекциялары бойынша минералогия, петрография, палеонтология, зергерлік-өңдеу және қаптауға арналған тастар және кәдесый сипатындағы экспонаттар топтамасы ұсынылды.
Сонымен қатар, студенттер ежелгі фауна мен флораның бірегей жергілікті ерекшеліктерін көруге мүмкіндік алды. Піл және мүйізтұмсықтардың сүйектері, мамонттардың бивниі мен тістері, акула тістері, тарихи жануарлардың іздері, күйдірілген ағаш және геологиялық шөгінділердегі өсімдіктердің іздері ерекше назар аударды.
Геологиялық мұражайға жасалған экскурсияның негізгі мақсаты өлкетану принципін құрап, осының нәтижесінде 1 курс студенттеріне Қостанай облысының геологиясын, пайдалы қазбалар байлығын, аймақтың табиғатын қорғау және қайта құру туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.