Семинар «Абайдың идеясын Қазақстанның қазіргі заманауи білім жүйесінде дамыту»
- Подробности
- Опубликовано: 04 декабря 2019
2019 жылы 4 желтоқсанда жаратылыстану ғылымдары кафедрасы Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Университеттің ақпараттық кітапхана орталығымен (АКО) бірлесіп, Online режимінде семинар өткізді.Мақсаты –Абайдың идеясының өзектілігін қазіргі заманауи білім жүйесінде талқылау. Семинарда «ФМЛ» ММ директорының орынбасары Б. А. Житчаева өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі Абай шығармаларының маңыздылығы туралы баяндама жасады.
Шығыс Қазақстан А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасының «Абай» порталы республикалық жобасының жетекшісі Сакпанова Ж. С. on-line режимінде қазақ философы, композитор, ағартушы, ойшыл қызметінің барлық аспектілерін баяндайтын «Абай» порталының электрондық сайтын ұсынды.
Абай шығармаларының өскелең ұрпаққа үлкен тәрбиелік әсері бар, адамгершілік идеалдың қалыптасуына ықпал етеді, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар төңірегінде адамдарды біріктіру құралы болып табылады. «Химия» факультетінің 4 курс студенттері Ескатова А., Жунаева М., Капезова А., биология магистрі Суюндикова Ж. Т. жетекшілігімен «Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі» атты презентация дайындады, «География» мамандығының 4 курс студенті Тоболов А., «Биология» мамандығының 2 курс студенті Саясат Кәусар Абай Құнанбаевқаарналған өлеңдерін оқыды.
Кездесу соңында «Биология» факультетінің студенттері Ахмет Ж., Асанова А. «Көзімнің қарасы» әнін орындады.