Толеранттылық сабағы
- Подробности
- Опубликовано: 03 марта 2020
2020 жылдың 3 наурызында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры Валерий Вишниченко Қостанай қаласының № 23 орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен диалогтық алаңы форматында Толеранттылық сабағын өткізді.
Іс-шара ҚР Конституциясының 25 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы туының астында өтті.
Кездесу барысында Республикадағы конституциялық құрылыс, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін құру, қалыптастыру және дамыту мәселелері талқыланды.
Облыстық ҚХА еріктілер мектебі оқушыларының қатысуымен қатар Қазақстанда еріктілер жылын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп, өткізілген толеранттылық сабағының негізгі ережелері бойынша викторина жүргізіліп, сабақ күндері бекітілді, сондай-ақ іскерлік ойын өткізілді.