Жазықпаев Бекболат-халықаралық байқаудың лауреаты!

2020 жылдың 26-28 ақпан аралығында Пенза мемлекеттік университеті Жоғары оқу орындарының студенттері арасында музыкалық орындаушылық бойынша "Күміс лира" Халықаралық байқау-фестивалін өткізді. Байқау-фестиваль классикалық музыка өнерінің дәстүрлерін сақтау және дамыту, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, дарынды орындаушыларды анықтау, Ресей мен шетелдердің әртүрлі аймақтарымен кәсіби-шығармашылық байланыстарды құру және нығайту мақсатында өткізілді. Байқау-фестиваль аспаптық орындаушылық және вокалдық орындаушылық. номинациялар бойынша өтті.

У. Сұлтанғазина атындағы ҚМПУ байқауға "Музыкалық білім" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Жазықаев Бекболат қатысты. Бекболат эстрадалық вокал бағытына қатысты. Байқау-фестивальдің қазылар алқасына ресейлік жетекші музыканттар-орындаушылар, профессорлар, доценттер, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткерлері кірді. Жазықпаев Бекболат байқау-фестиваль лауреаты (2 орын) атағына ие болды.

Бекболат түрлі шығармашылық жобалар мен байқаулардың бірнеше дүркін қатысушысы: "Golden Microphone" халықаралық конкурсының Гран-приі», Гран-При халықаралық конкурс «Волшебный Микрофон» Астана қ., «Шоу Талантов» конкурсының жеңімпазы Қостанай қ., халықаралық "Shattyk 2018" фестивалінің лауреаты Астана қ., Республикалық "Жарқын Болашақ" конкурсының 3 сыйлығының лауреаты Алматы қ., "Жас Өнер" халықаралық байқауының 3 сыйлығының лауреаты Астана қ., "Абай оқулары" облыстық байқауының 3 сыйлығының лауреаты Қостанай қ., «Музыкальная капель» облыстық байқауының 1 сыйлығының лауреаты Затабол қ., Қостанай қ. "Золотой Микрофон 2017"' халықаралық байқауының 2 сыйлығының лауреаты, Алматы қ. "Бозторғай" халықаралық конкурсының қатысушысы, "Музарт Live" кастингінің қатысушысы, "X Factror Казахстан" телевизиялық жобасының қатысушысы, Мәскеу қ.      "ПЕСНИ" кастингінің қатысушысы, "SuperQalaKz" телевизиялық жобасының қатысушысы", "«Аулиекольской Молодёжи 2019»" алтын кітабының лауреаты. Бекболат пен оның тәлімгері Жакаева Кунсулу Ануарбекқызын құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

Жазыкпаев Бекболат

Жазыкпаев Бекболат

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Жазықпаев Бекболат-халықаралық байқаудың лауреаты!