Қостанай медиаторлары онлайн кеңес өткізді
- Подробности
- Опубликовано: 01 мая 2020
2020 жылдың 1 мамырында, Қазақстан халқының Бірлігі күні, Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация Кеңесі «Біздің қүшіміз ынтымақ пен бірлікте» атты Виртуалды қабылдау өткізді.
Кездесу кәсіби медиаторлардан тегін заң кеңесін алуға, даулы жағдайды реттеуге, Қостанай облысының тұрғындары арасында медиация институтының қағидаттарын таратуға бағытталған.
Спикерлер ретінде С. А. Богатырев (Қостанай облысы ҚХА Медиация Кеңесінің төрағасы), Л. Г. Прохорова (Медиация кеңесінің мүшесі, отставкадағы судья), Игорь Александрович Зуев (кәсіби медиатор, Қостанай облысы ҚХА Медиация кеңесінің мүшесі, психолог), Н. В. Ким (ҚХА Медиация кеңесінің мүшесі, заңгер), Т. А. Черная («Заңгер» заң Кеңесшілер палатасының мүшесі, психолог), Г. Т. Латыпова (ҚХА Медиация кеңесінің мүшесі, қоғамдық медиатор, «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі) ұсынылды.
Спикерлердің бірі болып, Қостанай облысы Медиаторлар кеңесі төрағасының орынбасары, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова болды. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың және этномәдени бірлестіктер басшыларының Қазақстандағы медиация институтын дамытудағы ҚХА қызметінің бір бағыты ретіндегі рөлін атап өтті.
О. Н. Евдокимова жастарды медиация негіздеріне оқыту және кәсіби бағдарлауды ынталандыру, қоғамда өзара шиеленіссіз қарым-қатынас жасау, жастар арасында медиация идеялары мен принциптерін тарату мақсатында ҚМПУ ҚХА кафедрасы базасында медиация және халықтық дипломатия мектебі ашылғанын атап өтті.
Жобаның мәні «тең-теңімен» принципі бойынша, яғни спикерлері өзі қатарлас волонтерлерді оқыту курстарынан өткізу болып табылады. Мектеп жұмысы барысында 70-тен астам түлек өмірлік жағдайларда бағдарлануды үйренді, құрдастарымен және ересектермен сауатты қарым-қатынас жасайды, қақтығысты шеше алады және болуына жол бермейді.