«Жүрегін Қостанайға табыстаған»
- Подробности
- Опубликовано: 13 марта 2020
Осындай атаумен Қазақстан Республикасындағы білім беру үздігі, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі, облыстық ҚХА мүшесі, Қостанайлық жазушы А. И. Суслова мен ППФ студенттерінің кездесуі 13 наурыз өтті.
Александра Ильиничнаның есімі Қазақстаннан тыс жерде де белгілі. Ол халықаралық ақындық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы.
Бұл ҚМПУ студенттері үшін жазушы шығармашылығымен өткен бірінші кездесу емес. Барлық кездесулер мамыражай жағдайда өтті. Оның рухани өлеңдері үнемі болған оқиғаларымен ұштасып, студенттердің жүрегінен үн таба алады.
Қазақстан мен Қостанай туралы, Ұлы Отан соғысы туралы, оқытушылық қызметі туралы, ата-аналары мен немерелері туралы, махаббат пен табиғат туралы салмақты әрі әзіл-сықақты, философиялық әрі ирониялық өлеңдер автордың орындауында шырқалды. Автор туындылары адамды құрметтеуге, Отанын сүюге, табиғатты қорғауға, достықты қадірлеуге шақырды.
Кездесуге қатысқан студенттер: «Мен және барлық жиналғандар естігенімізге еліттік», «мен Александра Ильиничнаны сиқырланғандай тыңдадым», «осы тамаша кездесу үшін рахмет», «Александра Ильиничнаның өлеңдері әркімге әр түрлі әсер етті», «тамаша өлеңдер!» деген сияқты пікірлерін қалдырды.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» білім беру бағдарламасының ІІ курс студенті Мирасбек Гүлім Құрманғазының асыл мұрасы болып табылатын «Балбырауын» күйін музыкалық тарту ретінде ойнап берді.
Кейбір студенттер Александра Ильиничнаның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. І курс студенті Абдрахамитов Еркебұлан өзі шығарған өлеңдерін оқып, Александра Ильинична жоғары бағасына ие болды. Жас буын ақындарға шеберлік сабағын өткізіп, өлең жазудың құпиясымен бөлісті.
Студенттер шығармашылық сабақтарда қолмен жасалған ұлттық нақыштағы әшекейлерін кездесуге алғыс ретінде ақынға сыйға тартты.
Александра Ильинична кездесу үшін рахмет! Сіздің өлеңдеріңіз үшін рахмет! Өлеңдегі шынайылық пен мейірімділік үшін рахмет!
Сізге шығармашылық табыс тілей отырып, жаңа кездесулерді күтеміз!