Қазақстан этникалық топтарының тілдерін дамытуы Қазақстан халқының Ассамблеясы қызметінің бір бағыты
- Подробности
- Опубликовано: 22 сентября 2016
2016 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында қосымша білім беру факультеті Тарих және өнер факультетінің «Тарих», «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының 1-3 курс студенттерімен «Қазақстан этникалық топтарының тілдерін дамытуы Қазақстан халқының Ассамблеясы қызметінің бір бағыты» тақырыбына кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қосымша білім беру факультетінің деканы Самаркин Сергей Владимирович институттың тарихы және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жұмысы жайлы ҚМПИ мұражайында экскурсия өткізді. Қазақстан халқының Ассамблеясы кафедрасының доценті Козыбаева Махаббат Маликовна Қазақстан халқының Ассамблеясы (ҚХА) тарихы, ҚХА кафедраларының Ассоциациясына кіретін кафедра түрінде әдістемелік алаңдар жасау қажеттілігі жайлы айтып өтті.
Дәріс оқушы ҚХА кафедрасының басты міндеттерінің бірі - этностық-мәдени бірлестіктермен байланысын қолдау, студент жастарын бүкіл Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне тарту мақсатында кездесулер мен ұйымдастырушылық іс-шаралар өткізу деп атап өтті. ҚХА кафедрасының меңгерушісі Евдокимова Ольга Николаевна медиация Мектебінің презентациясын өткізді. Студенттер медиацияның ұғымы, тарихы және қағидаларымен танысты. Сабақтың тәжірибелік бөлігінде 1-3 курс студенттері медиатор рөлін орындап, оқушы мен мұғалім арасындағы кикілжің жағдайды қарастырды. Тренинг соңында Ольга Николаевна студенттерді кафедраның ғылыми-зерттеу қызметіне тарту мақсатымен оларды ынтымақтастыққа шақырды. Көптілділік орталығының жетекшісі Соловьева Н.А. студенттермен «Тілдердің үшбірліктігі» атты мәдени жобасы жайлы, Қазақстандағы көптілділік білім және тілдерді оқу қажеттілігі жайлы сұхбат құрды. Ағылшын тілін нәтижелі және тез оқу үшін тілдің бүкіл аспектілерін қамтитін, ағылшын тілінің толық фонетикалық, лексикалық және грамматикалық анықтамалық жаттығу құрылғысы болып есептелетін, «Professor Higgins. Акцентсіз ағылшын тілі» атты мультимедиалық оқу бағдарламасы ұсынылды.