Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, т.ғ.к. Шевченко Людмила Яковлевнаның ашық сабағы
- Подробности
- Опубликовано: 31 января 2017
2017 жылдың 31 қаңтарында Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, т.ғ.к. Шевченко Людмила Яковлевна «Социум және саясат» пәнінен «Қоғам тұтас жүйе ретінде» тақырыбында психология-педагогика, жаратылыстану-математика факультеттерінің 1 курс студенттеріне дәрістік ашық сабақ өткізді.
Әлеуметтану қоғам, адамдар арасындағы қарым-қатынас, әр түрлі топтардың дамуы мен қоғамдық институттардың орталықтандырылған тұтас жүйесін зерттейді.
Қарастырылып отырған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасалынып мынадай сұрақтар жоспарланды: қоғам әлеуметтік жүйе ретінде, әлеуметтік институттар - бүкіл әлеуметтік өмірдің негізі; типологиясы.Сабақтың арасында (қоғам, әлеуметтік қатынастар, формация, әлеуметтік институттар, доиндустриальное, индустриалды, постиндустриалды қоғам, өркениет) түйінді сөздер талқыландыДәріс барысында сызбалар, кестелер сондай-ақ ( Л.Гумилев, К.Маркс, А. Тойнби, А. Арон, Д. Белл ) ғалымдардың айтқан сөздері және т.б. мысалдарды қолданды. Сұрақтардың барлығы студенттерді пікір-таласқа бағыттап отырды.Тақырыпты бекіту барысында дәріскер сұрақтардың семинар сабағына қарастырып келуін ескертті, студенттер семинар сабағында мәселені толығымен ашып өзінің шеберлігін көрсете алады.