ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын талқылау
- Подробности
- Опубликовано: 27 января 2017
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылдың 25 қаңтарында билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде Қазақстан халқына үндеу жасады. Мемлекет басшысының үндеуін барлық телеарналарда көрсетті.
2017 жылдың 27 қаңтарында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуін талқылауға белсене ат салысты.
Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., доцент Ярочкина Е.В., ф.ғ.к., доцент Амантаева А.Б., п.ғ.к., доцент Назарова С.В., әлеуметтану ғылымдарының магистрі Панияз Т.П., «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 4 курс студенті Пушкарева Анастасия осы мәселе бойынша өздерінің пікірлерін ортаға салды.
Ұлт Көшбасшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз пайымы бойынша қазіргі заманда елді басқару жағдайын егжей-тегжейлі таныстырды. Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу әлемдік тәжірибелердің басты мәселелері. Жаңа мемлекет құру үшін күшті президенттік билік және басқару қажет болды, 25 жыл ішінде мол тәжірибе жинаған Үкімет пен Парламент әр түрлі мәселелерді шешу, қадағалау тапсырылсын.
Президент үшін жаңа жағдайларда стратегиялық функциялар, жоғарғы арбитрдің биліктің тармақтары арасындағы қатынастардағы рөлі басым болады. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетіне күш-жігер жұмылдырады. Бұл ретте Үкімет пен Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейеді.