«Телевизиялық жыл адамы - 2016»

-2016 жылдың 24 желтоқсаны күні Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен үлкен іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жергілікті арна арқылы халыққа тарихи-мәдени ақпараттармен қамтамасыз ету бағытында қосқан үлестерін бағалау арқылы бірқатар адамдарды марапаттау болып табылды. Аталған жобада телеарна арқылы мәдени-тарихи бағдарламаларға белсене қатынасып, жергілікті халыққа көптеген сұхбаттар бергені үшін Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Өтеген Ихсанұлы Исеновтің еңбегі ерекше бағаланды. Халықтың көп дауысына ие болған Өтеген Ихсанұлы арнайы телеарна тарапынан «Телевизиялық жыл адамы - 2016» атты статуэткаға ие болды.
Тарих және өнер факультетінің деканаты, профессорлық-оқытушылық құрамы Өтеген Ихсанұлына зор денсаулық, шығармашылық табыс, әрқашан жемісті жеңістерге жете беруін тілейді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз