«ҚМПИ педагогикасы» сайтының презентациясы

2016 жылдың 22 желтоқсанында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 4 курс студенттері «Мұғалімнің кәсіби бағдары» пәнінен шығармашылық емтихан – «ҚМПИ педагогикасы» сайтының презентациясы болып өтті, оқытушы педагогика ғылымдарының кандидаты Кифик Н.Ю. Бұл сайттың мақсаты – Құқық және экономика негіздері оқыту әдістемесі, Мұғалімнің кәсіби бағдары пәндерінен алған теориялық білімдерді практика жағынан көрсете алу. Берілген сайтта студенттер өткізген сабақ жоспарлары, студенттер жайлы ақпарат берілген, мақалалар каталогы, фотоесептерді тамашалауға болады. Сайт қарапайым және қолдануға өте жеңіл. Бұл сайттың артықшылығы бұнда студенттер өздерінің мақалаларын, сабақ жоспарларын, өз пікірлерін білдірте алады, қызықты тақырыптар мен мәселелерді талқылайды. Осындай сайтты жасау, бұл ізденушілік-танымдық қызметті дамытады, АКТ бойынша білімін толықтырады, қазір бұның бәрі педагогикада маңызды аспектісі болып табылады. Сайтта студенттер мен оқытушылар, және де кім педагогикалық қызметпен айналысатындар сайттың одан әрі көтерілуіне, оны ақпаратпен қамтамасыз етуге, көзқарастармен бөлісуге, пікірлесуге белсенді түрде қатыса алады. «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 4 курс студенттері: Пушкарева Анастасия, Медетова Сабина, Жекеева Асель, Чакиева Анар, Умурзаков Сабит және жетекшісі Кифик Наталья Юрьевна одан әрі үнқатысуға дайын.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «ҚМПИ педагогикасы» сайтының презентациясы