Қостанай облысының балалар және жастар ұйымдары ассоциацияның басқармасы Т.Н. Антониновамен кездесу

2016 жылғы 12 желтоқсанда Қостанай облысы Алтын кітабының 2013 жылғы лауреаты, балалар және жастар ұйымдарының төрағасы Татьяна Антонинованың экономика және құқық негіздері, орыс тілі және әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі (көптілділік) мамандығының студенттерімен кездесуі өтті. Кездесуде Қостанай облысының 14-29 жас аралығындағы ғылым мен білім, экономика, ақпарат, саясат, мәдениет, спорт саласында жетістікке жеткен жастары енгізілетін Алтын кітап туралы әңгіме болды.
Конкурстық іріктеу келесі номинациялар бойынша жүргізіледі: спорт, мәдениет, жастар көшбасшылары, білім, журналистика, ерлік жасаған жастар, денсаулық сақтау, жас ғалымдар, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және агроөнеркәсібі кешенінің жас мамандары. Қазіргі уақытта Кітапта 184 лауреат бар. Татьяна Антонинова жастарды қоғамның әлеуметтік белсенді азаматы болуға және түрлі іс-шараларға атсалысуға шақырды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қостанай облысының балалар және жастар ұйымдары ассоциацияның басқармасы Т.Н. Антониновамен кездесу