Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған аймақтық ғылыми-теориялық конференция

Тарих және өнер факультет, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 9 желтоқсаны күні Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай аймақтық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияның мақсаты – 1916 жылғы көтеріліс ошақтарының тарихын және жетекшілерінің ерлікке толы істерін, азаттық жолындағы ерік-жігерлерін ашу және Отан тарихына, ел-жерге деген жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру болып табылды.

Сондықтан конференциямыздың міндеті де осы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ашылмай, ақиқаты айтылмай келе жатқан тұстарын баяндау мен талқыға салу. Конференцияға қаламыздағы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқытушылары, институт оқытушылары және студенттер қатынасты.

Конференция барысында студенттерге көтеріліс тарихы жөнінде профессор А.Күзембайұлы, Ө.И.Исенов, М.Ж.Бекмағамбетова және 4 курс «Тарих» мамандығының студенттері өз баяндамаларын оқыды. Сұрақтар қойылды. Тақырыптық презентациялар мен тарихи фильмдер көрсетілді. Конференция студенттерге көптеген тарихи маңызы бар деректермен есте қалды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған аймақтық ғылыми-теориялық конференция