ҚР тұңғыш президентінің күніне арналған «Брейн-ринг» ойыны

2016 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарих және өнер» факультетіндегі «Құқық және экономика негіздері», «Тарих», «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары арасында «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойыны өткізіліп, оған 1 курс білімгерлері қатысты. Топты төрт командаға бөліп, әр команда өз басшысын тағайындап командаға ат қойды.

1-команда Тәуелсіздік, 2-команда Бірлік, 3-команда Болашақ, 4-команда Тәуелсіздік қырандары. Ортаға екі командаға шақырылып жеңгені келесі кезеңге өтеді. Жеңілген команда Елбасыға тілек айтуы керек. Екінші кезеңге Тәуелсіздік және Тәуелсіздік қырандары шықты. Сол екі командадан Тәуелсіздік қырандары өздерінің алғырлықтарын көрсетіп жеңіп шықты.

Ойын соңында командалар мадақтамалармен марапатталды. Ұйымдастырушылар «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенттері. Ойынның басты мақсаты - жастардың патриоттық сезімдерін ояту мен көшбасшылық қабілеттерін дамыту болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті ҚР тұңғыш президентінің күніне арналған «Брейн-ринг» ойыны