Академикке арналған аймақтық ғылыми-теориялық конференция

2016 жылдың 18 қарашасы күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен академик М.Қ. Қозыбаевтың 85 жылдығына арналған аймақтық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

Конференцияны институт ректоры, профессор Е.А. Әбіл өз баяндамасымен ашып берді. Жиынға «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.Қожахметов, археолог-ғалым В.Ф. Зайберт және оқытушылар, студенттер қатынасты. Факультет деканы, т.ғ.к, доцент Г.З. Балғабаева конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Конференция барысында Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Э.К. Наурызбаева, т.ғ.к., доцент Ө.И. Исенов және студенттер М. Ерқаева, Г. Бақытбекқызы өз баяндамаларын оқыды. Кешке келген облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.Қожахметов аталған іс-шараның жастарға берер тәрбиесі мол екенін айтып, арнайы ұйымдастырған бір топ ұстаздарға және институт әкімшілігіне өз ризашылығын білдірді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Академикке арналған аймақтық ғылыми-теориялық конференция