Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жаңа Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды

21.10.16 421 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі мен презентациясы өтті. Презентация аясында кафедраның ашылу рәсімі және «Елдің қоғамдық-саясаттық процесстеріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы қафедрасының ғылыми-білім және тәрбиелік рөлі» дөңгелек үстелі өтті, модераторы болып қосымша білім беру факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Самаркин Сергей Владимирович сөз сөйледі. Кафедраның ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты IV-V сайланымдары, ҚХА Кеңесінің мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кафедрасының меңгерушісі Башмаков Анатолий Афанасьевич ҚХА кафедрасының ашылу өзектілігін және оның қазіргі заман Қазақстанның дамуы үшін және жастарды төзімділік, отаншылдық рухында тәрбиелеуде маңыздылығын айтып өтті.

21.10.16

«Қоғамдық келісім» ҚР Президенті қарауындағы РММ ғылыми-сарапшылық және әдістемелік қамсыздандыру қызметінің жетекшісі Шаяхметов Нурбек Уахапович «Қоғамдық келісім» ҚР Президенті қарауындағы РММ директоры Калашникова Наталья Павловнаның кафедраға бағытталған құттықтау хатын табыстады.

Іс-шараны жылы лебіздерімен Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы жетекшісі, п.ғ.к., Даумова Батима Бексултановна, Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы жетекшісі Шүленов Мәжит Мақсұтұлы, Қостанай облысының мұрағат директоры, ҚХА Кеңесінің мүшесі, ҚХА қарауындағы ҒСК мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Вишниченко Валерий Георгиевич, ҒСТ ОҚХА төрағасы, ғылыми-зерттеу жұмысы бөлімінің меңгерушісі, ОҚХА мүшесі Бекмагамбетов Алимжан Бауыржанович, ҚХА мүшесі, ОҚХА мүшесі Дандыбаев Багитур Алимбаевич, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ жетекшісінің орынбасары Кожахметов Алпыс Кабденович, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ жетекшісі, ҒСТ мүшесі Сандыбаева Каламкас Нурахметовна.

Іс-шара соңында өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы жайлы Қазақстан халқы Ассамблеясының тарабынан Башмаков Анатолий Афанасьевичпен және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарабынан тәрбие жұмысы және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Ахметов Тлеген Альмухановичпен Меморандумға қол қойылды.

ҚМПИ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Евдокимова О.Н.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жаңа Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды