«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

2017 жылдың 03 ақпан күні А-205 ауд. Тарих және өнер факультетінің ПОҚ және студенттерінің қатысуымен факультет отырысы өткізілді. Күн тәртібінде 31. 01. 2017 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын талқылау. Мақсаты: ПОҚ және студент жастарды біздің Отанымыздың тұрақты дамуының негізгі басымдылықтарымен таныстыру.

Отырысты декан орынбасары, тарих магистрі Нурпеисова Э.Т. ашты, әрі қарай кіріспе сөзбен ҚМПИ ректорының Кеңесшісі, т.ғ.к. Бекмағамбетов Р.К. сөйледі, түсіндіру жұмыстарын Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушылары, тарих магистрлері Елкей Н.Н. және Әбілмәліков Қ.К. жүргізді, аталған сұрақ бойынша өз пікірін ҚХА кафедрасының доценті, PhD докторы Қозыбаева М.М. да білдірді. Отырыс соңында Президент Жолдауында ұсынылған Отанымыздың тұрақты дамуының басымдылықтарын бірауыздан қолдайтыны туралы шешім қабылданды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»