Шығармашылық кездесу

2017 жылдың 4 ақпанында институтымыздың мәжіліс залында оқытушылар мен студенттердің Қазақстан композиторлар одағының төрағасы, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты Қыдырбек Балнұр Балғабекқызы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, "Шабыт" қазақ ұлттық өнер университеті «Композиция» кафедрасының басшысы, Қазақстан композиторлар одағы филиалының төрағасы (Астана қ.) Әбдінұр Серікжан Құтымбетұлы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, жерлесіміз Қалибек Деріпсалдинмен шығармашылық кездесу өтті.

Жуырда, 3 ақпан күні өнер кафедрасының ұжымы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Көк байрағым, желбіре» атты концертін тамашалады. Концерт барысында қазіргі заманғы отандық композиторлардың шығармалары орындалды: Ж. Тұрсынбаева, Б. Қыдырбек, Д. Дәлденбай, Х.Сетеков, В.Строгицкого-Пак, Ә.Мамбетов-Жұбанова, С.Әбдінұрова, К.Дерипсалдин, Е.Нұрымбетова. Елімізде ғана емес, сондай-ақ шетелде де кеңінен танылып жүрген қазақ композиторларының жоғары деңгейлі академиялық музыкасынан ерекше әсер алған студенттер кездесуге арнайы қызығушылықпен келді. Кездесу барысында шығармашылық атмосфера орын алды - композиторлар өз өмірлерін және өздерінің шығармашылықтарын әңгіме етті, өз әндерін де орындады.

2017.02.04

Кездесуден естелік ретінде Б.Б. Қыдырбек өзінің авторлық шығармаларының дискісін және қазіргі заманғы отандық композиторлар шығармаларының ноталық жиынтығын кафедра ұжымына тарту етті. Өз кезегінде, кафедра ұжымы елдегі кәсіби музыкалық білім берудің дамуына баға жетпес үлес қосқандары үшін, Қазақстан композиторларының академиялық музыкасын насихаттаудағы еңбектері үшін, өз істеріне деген адал еңбекқорлығы үшін композиторларға шексіз алғысын білдірді және оларға шығармашылық табыс тіледі!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз