Құттықтаймыз!

2017 жылдың 11 - 12 ақпан аралығында Астана қаласында "Astana music games - 2017" атты музыкалық аспап орындаушыларының республикалық байқауы өтті. Сайыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасында музыкалық аспап орындаушылығын дамыту, дарынды оқушылар, студенттер мен ұстаздарды анықтау және ынталандыру, музыкалық білім беру мекемелер арасындағы байланыс кеңістігін кеңейту."Музыкалық білім" мамандығының 2  курс студенттері Шегенова Асем (I орын), Кимельбаев Гизаттың (II орын) "Astana music games - 2017" республикалық сайысында лауреат атағын иеленулерімен құттықтаймыз. Онымен қоса, студенттерді сайысқа дайындаған "Өнер" кафедрасының оқытушысы, педагогика және психология магистрі Амирхамзин Н.К., концертмейстер Акбужурова С.Ж. алғыс білдіреміз.  Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз