Нарық және бәсеке
- Подробности
- Опубликовано: 03 марта 2017
3 наурыз 2017 жылы тарих және өнер факультетінде Қоғамдық пәндер, құқы және экономика негіздері кафедрасының экономика ғылымдарының кандидаты, доценті Нурмагамбетова Лилия Искендировнаның «Құқық негіздері» пәнінен «Нарық және бәсеке» тақырыбында «Тарих» мамандығының 2 курс студенттерінде ашық семинар сабағы өтті. Сабақта оқу үрдісін жоспарлау мен инновациялық даму бөлімінің маманы Айман Кожаковна Бекентаева, т.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі Ярочкина Елизавета Викторовна қатысты.
Ашық сабақ екі топ кампаниялары ретінде бизнес-жоспарларын қорғады: «Best» және «Start line», әр топ көңіл көтеру қызметі бойынша өз тауарларын көрсетті, «Best» компаниясы, квест-бөлме –сюжеттік-рөлдік ойындар, бұл көңіл көтеруде жаңа бағыт, Қостанайда қорқу бөлмесі ғана бар, және «Start line» компаниясы картинг - (ашық және жабық), бұнда әр жастағы адамдар тобы картингте жүре алады. Презентацияларда студенттер теоретикалық материалдар дайындады, «Best» топ-компаниясы нарық бойынша, «Start line» бәсеке бойынша. Сабақ барысында студенттер нарық, нарық қатынастары, нарықтағы бәсекелестік туралы блімдерін толықтырды.