Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл
- Подробности
- Опубликовано: 14 марта 2017
Биыл Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Осыған орай Қостанай облыстық мұражайының әкімшілігінің ұйымдастырумен 14 наурыз күні «Алаш туы астында» тақырыбымен мұражайда ашық лекциясы өтті. Аталмыш іс-шараға арнайы шақырылған Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Өтеген Ихсанұлы Исенов «Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық саяси-қызметі» тарқырыбына лекция оқыды.
Мұражай қызметкері біздің институтымыздың түлегі Айбике Исенова «Алаш туы астында» тақырыбына лекция оқып, мұражай қорындағы алаш қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметтерінен сыр шертетін құжаттармен таныстырды. Музей ашық лекциясына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Дене шынықтыру және спорт, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарынң 1 курс студенттері мен музей қызметкерлері қатысты. Қазақстан-Қостанай телеарнасына, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай доцент Өтеген Ихсанұлы Исенов тележурналистерге сұхбат берді.