Дәрістік ашық сабақ
- Подробности
- Опубликовано: 17 апреля 2017
17 сәуірде 2017 жылы Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының аға оқытушысы Бухметова А. А. Философия пәнінен «Қоғам философиялық талдаудың объектісі ретінде» тақырыбы бойынша 2 курс студенттеріне «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша дәрістік ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында студенттерге қоғам тақырыбына байланысты жалпы түсініктемелері беріліп, Аристотельдің, Платонның, Гегельдің, Маркстің қоғам мәселесіне арналған көзқарастары туралы айтылды. Қарастырылған тақырыпта қоғамның табиғатпен, адаммен, адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастар туралы айтылды. Дәріс барысында сызбалар, кестелер, ғалымдардың айтқан сөздері және т.б. мысалдарды қолданды. Сұрақтардың барлығы студенттерді пікір-таласқа бағыттап отырды.