Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының апталығы
- Подробности
- Опубликовано: 21 апреля 2017
2017 жылдың 17-21 сәуір аралығында Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының апталығы өтті. Кафедра апталығы шеңберінде келесі ашық сабақтар өткізілді:
Антаев Жеңіс Темірұлы 2017 жылдың 18 сәуірінде «Экономика негіздері» пәнінен аталған топтарда «Құқық және экономика негіздері», «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу», «Тарих», «Қазақ тілі және әдебиеті -21, 22» «Ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздігі және мемлекеттік реттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы өз сабағында студенттердің танымдық қызметін белсендендіріп, жағдаятты тапсырмалар орындау арқылы олардың логикалық қабілетін дамытты. Оқытушы бекіту барысында деңгейлік дифференциалды тапсырмаларды қолданды. Тақырып бойынша «Қауіпсіздік пен экономикалық мәселелер», «Бағаны мемлекеттік реттеу» бейнетаспаларын студенттерге көрсетті. Студенттер белсенді түрде өз ойларын ортаға салып Қазақстан экономикасының дамуы жайлы болжам жасады.
2017 жылдың 20 сәуірінде қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті Амантаева А.Б. «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 2 курс студенттерімен «Жаңа және қазіргі заман Еуразия: тарих, экономика, саясат» пәнінен «Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.
Сабақ барысында қазіргі қауіп-қатер жағдайында (ядролық соғыс қаупі, халықаралық терроризм мәселесі, наркотрафик, кедейлену, және т.б.) әлемдік қауымдастықтың жаһандық мәселелеріне қатысты материал ұсынылды. Әлемдік дипломатия мәселелерін қарастыру негізінде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым бағыттары айқындалды. Дәлел ретінде көрсетілген бейнематериалдарды айтуға болады. Сабақ соңында қорытынды жасалынып,қоғамымыздағы қауіп-қатердің алдын алу және Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жаңғыртудың бағыттары туралы болжамдар айтылды.
21 сәуір 2017 жылы ҚП,ҚЭН кафедрасының аға оқытушысы заң магистрі Разуваева М.В. "Уголовное право Республики Казахстан" пәні бойынша "Уголовные правонарушения против собственности" атты тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Сабақта студенттерге "Біздің арманымыз" атты тренинг ұсынылады, нәтижесінде студенттер қандай меншікке ие болғылары келетіндігі және қандай жолдармен мақсатқа жетуге болатындығы қарастырылды (заңды және заңсыз жақтары). Бұл тренинг өте қызықты болып, студенттер тренинг барысында белсенділік танытты. Тақырып бойынша жобалар дайындалды, бұл тақырыптар кішігірім ұрлықтар, ұрлық жасау, тонау. Студенттер әр жобада тақырыптың теоретикалық аспектілері мен практикалық тапсырмаларын дайындады.