"Алаш тағылымы" дөңгелек үстел

2017 жылдың 20 сәуірі, сағат 14:30 -да, 218-аудиторияда  тарих және өнер факультетінің қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының аясында "Алашорда" қозғалысының 100 жылдығы мерейтойына  арналған "Алаш тағылымы" атты дөңгелек үстел болып өтті.  Дөңгелек үстелді қоғамдық пәндер құқық және экономика негіздері кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдардың магистрі Төлеу Паниязұлы ұйымдастырды. Тәрбиелік іс-шараның мақсаты - республика көлемінде "Алашорда" қозғалысының 100 жылдығына байланысты өтіп жатқан шараларға үн қосу және жастарды тарихи тағылымға, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа  тәрбиелей отырып мемлекетшілікті әспеттеу болып табылды.

Дөңгелек үстелге тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Күзембайұлы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың профессоры, ақын, қоғам қайраткері А.Шаяхмет, "Қостанай таңы" газетінің тілшісі Г.Сагитова, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Э.Наурызбаева, тарих ғылымдарының кандидаты Ө.Исенов, ЕҰУ-дың докторанты, Р.Байдалы қатысып, сөз сөйлеп өз ойларын ортаға салды, сондай-ақ филология, тарих және өнер факультетінің 1-2 курс студент жастары да тұщымды сұрақтар қойып белсенділік танытты. Осындай іс-шаралардың ұлтты ұлықтауға, рухани жаңғыруға, мемлекетшілдікті дәріптеуге септігін тигізері сөзсіз.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз