Универсиада – 2017 орай шахмат пен шашкадан тарих және өнер факультеті студенттерінің арасында өткізілген чемпионат
- Подробности
- Опубликовано: 03 февраля 2017
3 ақпанда Студенттер үйі - №3 жатақханада тарих және өнер факультеті студенттерінің арасында Универсиада – 2017 орай шахмат пен шашкадан дәстүрлі чемпионат өтті. Турнирге өз шеберліктерін көрсетуге ниеттерін білдірген біршама студент жиналды.
Турнир қорытындысы бойынша: шашкадан әйелдер лигасында – «Тарих» мамандығының 2 курс студенті Айнұр Амамбаева 1 орынға ие болды. Шашкадан ерлер лигасы чемпионатында 1-орын Абылайхан Бакытжанға бұйырса, 2-орынды Тәтен Мәулен, 3-орынды Ғиса Жанбота еншіледі. Шахматтан ерлер лигасында «Тарих» мамандығының 1 курс студенті Айдос Капанов 1-орынға ие болса, Мұрат Сакипжанов 2-орын, ал Акжол Мешітхан 3-орынды иеленді. Факультеттер бойынша студенттер арасында өткізілген бұл чемпионат осы спорт түрлерінен үздік ойыншыларды анықтап, болашақта институт студенттері арасында чемпионат өткізу мақсатында ұйымдастырылған болатын. Чемпионатты тарих және өнер факультетінің оқытушылары Н.Н.Елкей, Д.Е.Абенов, Э.Т.Нурпеисова, К.К.Абильмаликов ұйымдастырды. Барлық спортшыларға Универсиадада сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз.