Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің мерекесіне арналған «Музыкалық білім» мамандығы түлектерінің концерті

2017 жылдың 18 мамыр күні «Музыкалық білім» мамандығының 4-курс студенттерінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Күніне арналған концерт өткізілді.

Іс-шара барысында студенттер ҚР мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұранының тарихы жайлы көп маңызды да терең ақпарат алды. Себебі, Мемлекеттік рәміздеріміз- біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Студенттер қазақ ұлттық және әлем классикасының әуендерін домбыра және фортепианоны қолданып орындады.

Концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының орындалуынан басталды. Бағдарламада келесі шығармалар шырқалды: Сеит Е., Есенжолов Н. «Ерке сылқым», Машихина О. «Қамажай», Абаев Д. «All of me», Акимова Д. «Жига», Пикуль О. «Қарағым-ау», Нурпеисова А. «Бесік жыры», Баягизова Д. «Айттым сәлем қаламқас», сонымен бірге түлектердің вокалдық ансамблінің орындауында «Песня о Родине» әуені.

2017.05.18

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің мерекесіне арналған «Музыкалық білім» мамандығы түлектерінің концерті