«EXPO-2017» интеллектуалдық казино

28 сәуір 2017 жылы ҚМПИ студенттер Үйінде «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1 курс студенттері және Антаев Жеңіс Темірұлы куратор жетекшілігімен «EXPO-2017» интеллектуалдық казино ойынын өткізді. Жүргізушілері: Талас Динара, Гаппар Айзере. Интеллектуалды казино ойынына «Тарих», «Музыкалық білім», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты. Қонақтар және әділқазылар алқасы ретінде Тарих және өнер факультеті деканының орынбасары Нурпеисова Э.Т., «Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері» кафедрасының аға оқытушылары: кафедра меңгерушісі Ярочкина Е.В., Жумабаева Ж.Н., «Қазақстан тарихы» кафедрасынан аға оқытушы Елкей Нұрлыбек қатысты.

Интеллектуалдық казино ойына көрермендер қатарынан сұрақтар қою арқылы екі топ құрылып ойын басталды. Екі топқа ойынның шарты түсіндіріліп, тапсырмалар берілді. Ойын үш кезеңнен тұрды, әр кезеңде ойыншыларға EXPO көрмесі, тарихы жайында түрлі сұрақтар қойылды. Ойын кезеңдері арасында музыкалық көрме ұйымдастырылды. Соңында жеңімпаз анықталып, мадақтама мен шағын сыйлықтар ұсынылды. Отырған көрермендер де қалыс қалмас үшін оларға да сұрақ беріліп, дұрыс жауап берген көрерменге кішігірім сыйлықтар берілді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз