«1920-1950 жж. Қазақстан мен Батыс Сібірдегі жаппай саяси қуғын-сүргін тарихындағы жаңа есімдер мен фактілер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конференция жұмысына ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушылары қатысып, конференция тақырыбына қатысты ғылыми тұжырымдарын, тың көзқарастарын ортаға салды.

Конференцияда 1920-1950 жж. Қазақстан мен Батыс Сібірдегі жаппай саяси қуғын-сүргіннің деректемесі мен тарихнамасының өзекті мәселелері қарастырылды. Т.ғ.д., ҚР БҒМ ҒК тарих Институтының директоры Аяган Буркитбай Гелманулы саяси қуғын-сүргіннің зерттелінетін қырлары, шетелдік мұрағаттардағы құжаттар тақырыбы төңірегінде тың пікірлерін айтты. Т.ғ.д., «Еуразия» ҒЗО бас ғылыми қызметкері, Тарихшылардың ұлттық конгресінің хатшысы Кабульдинов Зиябек Ермуханович «Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар тағдыры және олардың балалары» тақырыбында баяндама жасап, тың деректерді ортаға салды. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты, халықаралық қатынастар кафедрасы мен саясаттану кафедрасының шетелден шақырылған профессоры (Украина), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құрметті профессоры Токарь Петр Васильевич Украина мен Қазақстан ғалымдарының Голодомор - ашаршылық тақырыбын зерттеу тәжірибесін тұрғысында құнды көзқарастарын айтып, тың деректерді ортаға салды.

Сонымен қатар, т.ғ.д., С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Мамытова Сауле Насеновна Павлодарлық Прииртыштағы саяси жер аударылғандар мен саяси қуғын-сүргін туралы, ф.ғ.д., Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Алаш мәдениеті және рухани даму институтының қызметкері Жұмағұлов Сағымбай «Қазақ әдебиетіндегі ГУЛАГ тақырыбы», т.ғ.к., ҚазМЗУ профессоры Мукатаева Лепуда Каримовна Академик М.Қозыбаевтың ғылыми мұраларындағы депортацияланған халықтар тарихын оқытудың кейбір мәселелері», Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, филос.ғ.к.; Искакова Күлзира Ыдрысқызы «Түймебай Әшімбаевтің ҰОС жылдары қуғын-сүргінге ұшырауы» т.ғ.к., жоғары деңгейдегі білікті мұрағатшы Грибанова Елена Михайловна «Ұмытылған есімдерді іздеу: ОММ ҒТБ қорларындағы 1930 жж. «ауызша тарих», т.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті Марданова Зулейха Женисовна «ХХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстандағы мәжбүрлі көші-қон: мемлекеттік реттеу және салдары, т.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы Археология және этнология кафедрасының доценті Сарсембина Құралай Қуандыққызы «1920-1930 жж. Қазақстандағы саяси куғын-сүргін зардаптары», PhD докторы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ҚХА кафедрасының доценті Козыбаева Махаббат Маликовна «1920-1930 жж. Батыс Сібірдегі қазақтар арасындағы саяси қуғын-сүргіннің әлеуметтік – экономикалық қырлары», Қарағанды политехникалық колледжі оқытушылары Аупенова Алия Укужановна, Тарасов Сергей Петрович «КСРО ІІХК № 4 ГУЛЖДС көмір кеніші құрылысындағы еңбек жағдайы» тақырыптары төңірегінде баяндамалар жасап, құнды көзқарастарын ортаға салды.

Конференцияда КСРО-дағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық қырлары; Батыс Сібірдегі қазақ халқы арасындағы саяси қуғын-сүргін; еңбекпен түзету лагерлерінің, тұтқындау орындарының, түрмелердің жұмысын және саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу; саяси қуғын –сүргінге ұшыраған тұлғалардың беймәлім есімдерін жарыққа шығару; саяси қуғын-сүргін тарихы бойынша жаңа деректерді айқындау және зерттеу мәселелері; саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау процесстері талқыланып, ғылыми көзқарастар, тұжырымдар айтылды.

2017-05-25

2017-05-25

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «1920-1950 жж. Қазақстан мен Батыс Сібірдегі жаппай саяси қуғын-сүргін тарихындағы жаңа есімдер мен фактілер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті